Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2024 жылғы 30 мамыр күні   "Қамқоршылық кеңесінің" отырысы өтті. Қамқоршылық кеңес мүшелері 2023-2024 оқу жылында "Білім туралы" 2007 жылғы  27 шілдедегі ҚР Заңының 44-бабы,9- тармағы, ҚР "Білім және ғылым" министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының 6-тармағына сәйкес   іс -шара жоспары аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Атап айтқанда мектеп бюджетін жоспарлау, қаржылық және қайырымдылық қызметі, мектеп шараларына, конференцияларға, семинарларға қатысу, кеңес отырыстарын өткізу т.б. Қамқоршылық кеңесі отырысы барысында   мектеп директоры Нурсеитов Ерхан Қуандықұлы Қамқоршылық кеңесі  мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді. Сонымен бірге Қамқоршылық кеңесі алдында  мектеп директоры 2023-2024 оқу жылында мектепте оқу-тәрбие іс-шаралары жоспары бойынша төмендегі  атқарылған  жұмыстарға есеп беріп және алда атқарылатын  жұмыстарға тоқталды.

  1. Оқу-тәрбие жұмысы бойынша  мектепте атқарылған жұмыстардың жылдық  қорытынды есебі.
  2. Мектептің материалдық -техникалық базасына қаралған қаржы есебі .
  3. Оқу-тәрбие  жұмысының жылдық қорытындысы бойынша жетістіктері.
  4. Қайырымдылық акциялары, оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы.
  5. Мектеп кітапханасының қоры туралы.
  6. Жазғы балалардың демалысын, сауықтырылуын, және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы.
  7. Жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер туралы.


Қамқоршылық кеңесі  отырысында көкейтесті  мәселелер толығымен қаралды. Отырыс соңында  қамқоршылық кеңес мүшелері 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жаңа оқу жылына мектеп ұжымына, қамқоршылық кеңес мүшелеріне сәттілік тіледі.