Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Тарихи анықтама

Шымкент қаласы, «Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі

Біздің мектебіміздің іргетасы 1937-1966 жылдары қаланған. Мектеп алғаш рет Шымкент қалалық атқару комитетінің халыққа білім беру бөлімі, Шымкент темір жол станциясы Дзержинский атындағы темір жолшылар мектебі болған, 1950-1955 жылдары №47 7 жылдық орта мектебі, 1955-1965 жылы № 95 темір жолшылар 7 жылдық мектебі, 1965 жылдан бастап Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебі болды. Осы ғимаратта әлі күнге шейін мектеп тарихы жалғасуда. 

 Мектебіміздің қабырғасында оқып, білім алған жүз мыңдаған жастар еліміздің көлемінде және алыс-жақын елдерде абыроймен еңбек етіп, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосып келеді. Сапалы білім, саналы тәрбиені жас ұрпақтар бойына дарыта білген көптеген ұлағатты ұстаздар еңбек етіп келе жатқан бұл мектеп 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 тамызындағы №81 қаулысына сәйкес Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта бекітілді.

Мектептің заңды мекен-жайы: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы,  Транспортный көшесі бойындағы №9А ғимаратта орналасқан. Мектеп ғимаратының жалпы ауданы 3210 м2 ш/м, мектептің жер телімі 1,2722 га. Мектеп типтік, 530 орынға есептелген, 2 қабатты.

Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебіне Шымкент қаласы Әкімінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы №89 шешімімен жер учаскесінің тұрақты жерін пайдалану құқығы берілді.

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы белгіленген, атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбасы бар оқу мекемесі.

Мектеп директоры Нурсеитов Ерхан Куандыкович. Шымкент қаласы білім басқармасының 08.08.2022 жылғы №651ж/қ бұйрығымен ротация тәртібімен ауыстырылған. Мектептің құрылтайшысы және уәкілетті органы Шымкент қаласының әкімдігі болып табылады.

Мектептің электронды почтасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мектеп телефоны: 95-48-05