Тілдер айлығы аясында 11 «А» сынып оқушыларымен «Тіл тазалығы – тәрбие тазалығы» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Тіл тазалығы халқымыздың аса қымбат асыл мұрасы, тәрбие тазалығы екендігін, Ана тілін біз сақтасақ, Ана тілі бізді сақтайтындығын ұғындыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға бүгінгі күні қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған Ана тілімізді шұбарлап, туған тілімізге қиянат жасап, тұрпайы сөйлеу – тілімізге жасалған үлкен қиянат екендігі туралы түсіндірді.