Оқушылардың ғылымға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, өз бетінше ізденуге, зерттеуге баулу мақсатында «Ізденген жетер мұратқа» атты оқушылар арасында ғылыми ізденіс жұмыстары талқыланды. Байқауға 5-10 сыныптар арасында 8 оқушы қатысып, өз ізденіс жұмыстарымен бөлісті. Нәтижесінде, ең үздіктері анықталып, алдағы уақыттағы қалалық деңгейлі сайыстарға ұсынылатындығы ескертілді.