Дарын орталығының ұйымдастыруымен 26 сәуір күні «Қазақстан Халқы Ассамблеясында» ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздегі жастарды қолдау мақсатында «El Umiti» бастамасы мен «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында 10 "Ә" сынып оқушысы Айметова Сабина, 9 «А» сынып оқушысы Әубәкір Арайлым, 9 «Ә» сынып оқушысы Нұрпопа Ақниет қола медаль иегері атанды!!!
Сонымен қатар мектебіміздің түлегі Құлбек Ақерке Саттарқызы алтын медаль иегері атанды!!!
Жоба Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Елбасының ерен еңбегімен байланысты. Сондықтан жеңімпаздарға берілетін медаль «Елбасы Медалі» деп аталады.
Оқушыларымыз жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылданып, өнерге бет бұрды, төл мұраны дәріптеді. Сонымен қатар олар қайырымдылық жасап, кітап оқу арқылы өздерін дамытты. Ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама жас буынды жан-жақты дамытуды көздейді....
Оқушыларымыздың, алар биіктері көп болсын!!
Биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!!