Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Құрметті блогқа қатысушылар!

Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын.
Осы блогтың көмегімен Сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және менің көмекшілерім, тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды.
Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін

 Нурсеитов Ерхан Куандыкович

Телефон номері: 8-775-761-27-27

Білімі: Жоғары

1995 жылы Алматы қаласы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің химия факультетін химик –оқытушысы мамандығы бойынша бітірді.

Жалпы педагогикалық өтілі: 28 жыл, директор лауазымында еңбек өтілі 12 жыл.

1995-1998 жылдары ОҚО, Бәйдібек ауданы, Ә.Байменов атындағы жалпы орта мектебінде химия пәні мұғалім, 1998-2003 жылдары Шымкент қаласы, №35 М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2003-2009 жылдары Шымкент қаласы білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығында химия-биология пәндерінің әдіскері болып қызмет атқарды.

2009-2010 жылдары Шымкент қаласы, №54 жалпы орта мектеп директорының міндетін атқарды.

2010-2014 жылдары Шымкент қаласы білім бөлімі, ғылыми-әдістемелік орталығында, химия-биология пәндерінің әдіскері болып жұмыс істеді.

2014-2022 жылдары Шымкент қаласы, «Қазығұрт» №66 жалпы орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды.

2022 жылдан бастап Шымкент қаласы білім басқармасының 08.08.2022 жылғы №651ж/қ бұйрығымен ротация тәртібімен «Шымкент қаласы білім басқармасының "Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің директоры болып ауыстырылды. Осы уақыт аралығында ынтымағы мен бірлігі жарасқан ұжымның ұйытқысы болып, білімді ұрпақ тәрбиелеуде білім беру мазмұнын жаңартуда оқу үдерісін кеңейтуге ықпал жасап келеді.

Өзінің іс тәжірибесінде Ел ертеңі-білімді ұрпақты тәрбиелеуде Елбасының «Еліміздің ертеңі-жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында» -деген даналық сөзін басты назарда ұстайтын мектеп басшысы өзі басқарып отырған білім ордасын біршама жетістіктерге жетеледі. Мектеп шәкірттері «Алтын белгі» төс белгілерінің иегері атанып, Халықаралық ғылыми- жоба жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп, облыстық, Республикалық, Халықаралық деңгейдегі өткізіліп жатқан жарыстарға үнемі қатысып жүлделі орындарды иеленіп келеді. 

Е.К.Нурсеитов 2016 жылы Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсын аяқтады.

2019 жылы «Алматы менеджмент университеті» білім беру мекемесі білімді дамыту институтында «Білім берудегі менеджмент» біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты аяқтады.

2019 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 Нәтижелі жасаған жұмысының арқасында Облыс, қала әкімдерінің, Облыстық білім басқармасының, Қалалық білім бөлімінің, Шымкент қаласы филиалы «Нұр Отан» партиясының мақтау қағаздары мен алғыс хаттарына ие болды.

Пікірлер қосу

Қорғаныс коды