Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Ата-аналар міндеттері
1.    Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуға, азаматтық тұрғыда қалыптасуын қамтамасыз етуге,  білімі мен тәрбие сапасын жақсартуға үлес қосуға, баланың сабақтан тыс мезгілдегі тәртібін жеке жауапкершілікке алуға;

2.    Өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алуға (Бала құқықтары туралы Конвенциясының 27 бабының 2-тармақшасы);

3.    Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін мойындауға; (Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабының 2-тармақшасы;)

4.    «Баланы тәрбиелеуге, оны күтіп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдауға оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге» (Қазақстан Республикасы «Баланың құқықтары туралы» Заңының 24-бабының 2-тармақшасы);

5.    Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға және пайдалануға тыйым салуға; (Қазақстан Республикасы «Баланың құқықтары туралы» Заңының 37-бабының 2-тармақшасы);

6.    Балаларының білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауына; (Қазақстан Республикасы  «Білім туралы» Заңының 47-бабының 15-1 тармақшасы);

7.    Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, классикалық ақ жейде, (қысқы мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка (ұзындығы тізеден 2см төмен), классикалық  жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды (ҚР БжҒМ 2016 жылғы 14 қаңтардағы орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы №26 бұйрығы)

8.    Мектептен тыс уақытта баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға, Күнделікті сабақтан кешіктірмей, толық қатыстыруға, сондай-ақ кешкі уақытта қараусыз қалдырмауға;

9.    Сабаққа ұялы телефон, смартфон, планшет әкелдірмеу керек;
10.     Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс күндерінде мектептен тыс уақыттағы жол және өмір қауіпсіздігінің жауапкершілігін, тәртібін күнделікті қадағалауды өз қарауына алуға, балаға толық жауапкершілікті өз мойнына алуға;

11.     Баланың мектептен тыс мезгілде бейәдеп, теріс қылықтарына, өмірінің қауіпсіздігіне жеке жауапты екендігін сезінуге;

12.     Осы аталған мәселелер орындалмаған жағдайда ата-аналық жауапкершілігіне және ата-аналық міндетіне лайық еместігін сезінуге;

13.     Баланың кешкі сағат 22:00 ден кейін ойын сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз жібермеуге;

14.     Баланың көлік жүргізуіне тыйым салуға; Баланың өз бетімен балық аулауына, су жағасына, орман алабына баруына тыйым салуға, өмір қауіпсіздігін сақтауға;

15.     Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлуге;

16.     Балаларының мектепте нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелуіне, пайдалануына, өзге азаматтарға, оның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауына жол бермеуге;

17.     Балаларының мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (пышақ, қанжар, костет т.б) ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбалондар, электрошокер т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;

18.     Балаларының мектеп ішінде ұлт-аралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғауына, өзгелерді кемсітуіне жол бермеуге;

19.     Балаларының мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;

20.     Балаларының мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б) және киімдерді (орамал, хиджап, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) кигізбеуге , пайдалануына, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауына жол бермеуге міндетті.